Осымен, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (ары қарай - Комитет) «Арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 бұйрығының 22 бабына сәйкес, басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келетін екі адамнан кем қатысқаны үшін, «Тараз химиялық паркі» АЭА БК» АҚ, «Сарыарқа» АЭА БК» АҚ, «Павлодар» АЭА БК» АҚ, «Qyzyljar» АЭА БК» ЖШС-ын басқару үшiн тұлғаны iрiктеу бойынша конкурстары өткізілмеген болып танылғандығын хабарлайды.
Осыған орай, жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 23 бабына сәйкес, Комитет «Тараз химиялық паркі» АЭА БК» АҚ, «Сарыарқа» АЭА БК» АҚ, «Павлодар» АЭА БК» АҚ, «Qyzyljar» АЭА БК» ЖШС-ын басқару үшiн тұлғаны iрiктеу бойынша конкурсты өткізілмеді деп танып, 2020 жылғы 3 қарашадан бастап, екі айдан кешіктермей конкурстың қайта өткізелітіндігі туралы хабарлайды.