Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (ары қарай - Комитет) «Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ-ын басқару үшiн тұлғаны iрiктеу бойынша конкурстың екінші кезеңіне қатысуға өткен қатысушылардың болмағандығынан, «Арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 бұйрығының 22 бабына сәйкес, конкурсқа қатысуға басқарушы компанияны басқару үшін адамдарға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келетін екі адамнан кем қатысқан жағдайда, Конкурс өткізілмеген болып танылғандығын хабарлайды.
Осыған орай, жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 23 бабына сәйкес, Комитет «Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ-ын басқару үшiн тұлғаны iрiктеу бойынша конкурсты қайта өткiзу туралы жариялау үшін қосымшаға сәйкес ақпаратты Министрліктің ресми сайтында орналастыруды сұрайды