Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті хабарландыру

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті

 

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы «Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы» Жарлығына сәйкес, оған Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілуіне орай, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 2 наурыздағы №40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, 2020 жылдың 3 қыркүйегінде «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің көтергіш құрылыстарды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы С-О-5 санаты, инд: 02-04, 1-бірлік (негізгі қызметкердің бала күтімі демалысында болу кезеңі аралығына 2023 жылғы 16 маусымға  дейін) уақытша бос лауазымына жарияланған жалпы конкурс ТОҚТАТЫЛДЫ, сәйкесінше құжат қабылдау да тоқтатылғанын ресми түрде хабарлайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 сентября 2020