Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

Ағаш материалдарының жекелеген түрлерін әкетуді

реттеудің кейбір мәселелері туралы

 

 

      «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасының аумағынан ағаш материалдарының жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 4401, 4403, 4404, 4406 және 4407) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын орындау бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;

2) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру бойынша шаралар қолдану туралы;

3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне белгіленген тәртіппен:

осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны ақпараттандыру;

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараның енгізілуі туралы ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына енгізу қажеттігі туралы хабардар етсін. 

  1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан  Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

        2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

 

                 Б. Атамкулов

 

 

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрлігі

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 29.04.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 20522 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство индустрии и инфраструктурного развития РК - директор Айдар Куанышевич Алиакпаров, 02.04.2020 16:51:04, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство финансов РК - первый вице-министр Берик Шолпанкулович Шолпанкулов, 07.04.2020 14:56:51, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан - Министр торговли и интеграции Республики Казахстан Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, 04.04.2020 12:04:42, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Әділет Вице-министрі Наталья Виссарионовна Пан, 27.04.2020 12:43:10, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамкулов, 27.04.2020 16:44:53, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации
04 мая 2020