| 1 |
Қызметті көрсететін мемлекетті орган |
Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi |
| 2 |
Ақылы/ақысыз көрсетілін мемлекеттік қызмет |
Тегін |
| 3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензияны беру - 7 (жеті) жұмыс күні;құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;Мемлекеттік корпорацияға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;2) порталға жүгінген кезден бастап - 7 (жеті) жұмыс күні. |
| 4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде) |
Электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде |
| 5 |
Қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға:
- өтiнiш;
- жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
- импорттаушының (түпкi пайдаланушының) кепiлдiк мiндеттемесi;
- сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының көшірмесі;
- егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал болып шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының көшірмесі;
Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызмет алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда)куәландырылған болуы тиіс;Порталға:
- көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;
- сыртқы сауда мәмілесіне қатысушылар арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының электрондық көшірмесі;
- егер көрсетілетін қызметті алушы ретінде делдал болып шығатын болса, импорттаушы мен түпкілікті пайдаланушы арасындағы сату-сатып алу шартының (келісімшарттың) немесе өзге шеттету құжатының электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi, Мемлекеттік корпорация қызметкерi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады. |
| 6 |
Министрдің бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының атауы |
«Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығы |
| 7 |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: |
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы
- «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы
|