Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу туралы қорытынды беру

1 Қызметті көрсететін мемлекетті орган Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi
2 Ақылы/ақысыз көрсетілін мемлекеттік қызмет Тегін
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Порталға жүгінген кезден бастап - 15 (он бес) жұмыс күнiнен кешiктiрмей беретiн, мемлекеттік органдармен келісуге жататын қорытындыларды қоспағанда, 7 (жеті) жұмыс күні.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде) Электрондық
5 Қажетті құжаттардың тізбесі
  1. көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;
  2. мәлiметтер нысаны;
  3. тауардың фотосуреттерiнің электрондық көшірмесі (бар болған жағдайда).
     Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
6 Министрдің бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының атауы  «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығы
7 Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: «Электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы
Дата публикации
29 апреля 2020