| 1 | Қызметті көрсететін мемлекетті орган | Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті |
| 2 | Ақылы/ақысыз көрсетілін мемлекеттік қызмет | 1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды; 2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым - лицензия беру кезіндегі ставканың 10 %-ын құрайды (1 АЕК). |
| 3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | Порталға өтініш берілген сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:лицензияны беру - 5 (бес) жұмыс күні;лицензияны қайта ресiмдеу - 3 (үш) жұмыс күні;көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресiмдеу - 5 (бес) жұмыс күні. |
| 4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде) | Электрондық |
| 5 | Қажетті құжаттардың тізбесі | 1) лицензия алу үшiн: көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш; ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны; 2) лицензияға қосымшаны алу үшiн: көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш; бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтер нысаны; 3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшiн: көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш; ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензияларды қайта ресімдеуге лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленген туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады. |
| 6 | Министрдің бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының атауы | «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығы |
| 7 | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: | «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы |