Экспорттық бақылауға жататын өнімді экспорттауға және импорттауға лицензия беру

1 Қызметті көрсететін мемлекетті орган Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті 
2 Ақылы/ақысыз көрсетілін мемлекеттік қызмет 1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;2) лицензияны қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым 1 АЕК құрайды.
3 Мемлекеттікқызметкөрсетумерзімі Порталға өтініш берілген сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:лицензияны беру - 30 (отыз) жұмыс күні;лицензияны қайта ресiмдеу - 3 (үш) жұмыс күні;көрсетілетін қызметті алушыны бөліп шығару немесе бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны қайта ресiмдеу - 30 (отыз) жұмыс күні.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде) Электрондық
5 Қажетті құжаттардың тізбесі Лицензия алу үшiн:
  1. көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;
  2. ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
  3. бiлiктiлiк талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
Лицензияны қайта ресімдеу үшiн:
  1. көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
  2. ЭҮТШ арқылы ақысын төлеуді қоспағанда, лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
  3. алынатын ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттардың электрондық көшірмесі.
Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді, ЭҮТШ арқылы төленгені туралы көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
6 Министрдің бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының атауы «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығы
7 Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы
Дата публикации
29 апреля 2020