Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру

1 Қызметті көрсететін мемлекетті орган Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi
2 Ақылы/ақысыз көрсетілін мемлекеттік қызмет Тегін
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi порталға жүгінген сәттен бастап - 10 (он) жұмыс күні.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде) Электрондық
5 Қажетті құжаттардың тізбесі Рұқсат құжаттарын алу үшін:1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;2) өнiмдi өңдеуге арналған сыртқы сауда шартының (келiсiмшарттың) электрондық көшiрмесi;3) тиісті құзыретті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды аумақтан тыс жерде және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың электрондық көшірмесі (егер өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді).Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, жеке кәсiпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.
6 Министрдің бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының атауы  «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі

№ 563 бұйрығы

7 Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы
Дата публикации
29 апреля 2020