| 1 |
Қызметті көрсететін мемлекетті орган |
Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi |
| 2 |
Ақылы/ақысыз көрсетілін мемлекеттік қызмет |
Тегін |
| 3 |
Мемлекеттікқызметкөрсетумерзімі |
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензияны беру - 30 (отыз) жұмыс күні;құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;Мемлекеттік корпорацияға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;2) порталға жүгінген кезден бастап - 30 (отыз) жұмыс күні. |
| 4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде) |
Электрондық (толық автоматтандырылған) (немесе) қағаз түрiнде |
| 5 |
Қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға:
- өтiнiш;
- жеке басын куәландырылатын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
- мәлiметтер нысаны;
- импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесі (түпкі пайдаланушының сертификатының).
- сыртқы сауда шартының (келісімшартының) көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі.
Ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы көрсетілетін қызметтіалушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс не құжаттардың көшірмелері тігілген және олардың соңғы беттері көрсетілетін қызметті алушының қолтаңбасымен және мөрімен(бар болған жағдайда) куәландырылған болуы тиіс;Порталға:
- көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;
- мәлiметтер нысаны;
- импортталатын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайдалану және оны қазақстандық тараптың келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті органы берген алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқасының электрондық көшірмесі.
- Алушы елдің кепілдік міндеттемесінің (түпкі пайдаланушының сертификатының) түпнұсқалылығын тексеруді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады;
- сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі.
Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының филиалдарын немесе өкілдіктерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады. |
| 6 |
Министрдің бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының атауы |
«Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 563 бұйрығы |
| 7 |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру: |
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
- «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы
|