| 5 |
Қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік корпорацияға:
- өтiнiш;
- жеке басын куәландыратын құжат және өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);
- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжат – шетелдік заңды тұлға үшін;
- жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжат – шетелдік жеке тұлға үшін;
- экспорттаушы елдің экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі уәкілетті органы берген, өнімді әкетуге рұқсатының бар екендігі туралы құжат;
егер елдің заңнамасында осындай құжатты беру көзделмеген жағдайда, экспорттаушы елдің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органынан растау хаты ұсынылады;
- оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi заттай және құндық мәнде көрсетілген сыртқы сауда мәмілесінің қатысушылары арасындағы (сатушы, жүк жөнелтушi, сатып алушы, жүк алушы, делдал) өнімді жеткізуге арналған келісімшарт;
- «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты;
- Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзу айқындалған жағдайда оның тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiгiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) көрсетілетін қызметті алушының хаты;
- егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, транзитпен өтетін өнiмдi оның бұл жүктi қайта қабылдауға сөзсіз келiсiмiн растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) (көрсетілетін қызметті беруші атына жіберілетін) жүк жөнелтушiнiң хаты;
- нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтер;
- әскери (қосарлы) мақсаттағы өнім транзитін әскери қарауылмен алып жүрген кезде - әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қарулары мен әкелінетін қарудың әр бірлігіне оқ-дәрілер туралы деректерді (маркасы (түрі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарауыл туралы ақпарат;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдарды бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімін және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (ұйғарым, жүктеу құжаты, қорытынды) ұсынады.1 тармақта көрсетілген құжат, қосымша электронды түрінде word немесе excel форматында ұсынылады.Төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы тармақтарында көрсетiлген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелерінде ұсынылады. Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы көрсетілетін қызметті алушы болып шығатын жағдайда:төртінші, тоғызыншы, оныншы тармақтарында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;сегізінші тармағында көрсетiлген келiсiмшарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады;алтыншы тармағында көрсетiлген құжатты беру елдің заңнамасында көзделмесе, түсіндіру хаты ұсынылады. Порталға:
- нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өнiмнiң транзитiне рұқсат алуға арналған өтiнiш;
- заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы құжаттың электрондық көшірмесі – шетелдік заңды тұлға үшін;
- жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі – шетелдік заңды тұлға үшін;
- экспорттаушы елдiң экспорттық бақылау мәселелерi бойынша уәкiлеттi органы берген өнiмдi әкетуге рұқсатының бар екендігі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
егер елдің заңнамасында осындай құжатты беру көзделмеген жағдайда, экспорттаушы елдің экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті органынан растаушы хаты ұсынылады;
- оған қосымшаларымен және (немесе) толықтыруларымен бірге өнiмнiң номенклатурасы мен көлемi заттай және құндық мәнде көрсетілген сыртқы сауда мәмілесінің қатысушылары арасындағы (сатушы, жүк жөнелтушi, сатып алушы, жүк алушы, делдал) өнімді жеткізуге арналған келісімшарттың электрондық көшірмесі;
- «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының электрондық көшірмесі;
- Қазақстан Республикасының ядролық және радиациялық қауiпсiздiгi жөнiндегi құзыреттi органдары рұқсатының қолданылу шарттарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлерiн бұзу анықталған жағдайда оның тарапынан тасымалдың нақты жағдайларына тексеру жүргiзуге, сондай-ақ ықтимал уақытша сақтауға, керi тасымалдауға, сараптамаға және атқарушы органдардың басқа да қажеттi іс-қимылдарына байланысты шығыстарды, сондай-ақ анықталған ауытқуларды заңнама талаптарына сәйкес келтiру және/немесе экспортталуы мемлекетке жүктi қайтару қажеттiгiне байланысты шығыстарды өтеуге кепiлдiктi растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) көрсетілетін қызметті алушының хатының электрондық көшірмесі;
- егер жүк алушыға жүктi беру оған қатысы жоқ себептер бойынша мүмкiн болмаған жағдайда, транзитпен өтетін өнiмдi оның бұл жүктi қайта қабылдауға сөзсіз келiсiмiн растайтын (келісімшарттың нөмірі мен күні көрсетілген) (көрсетілетін қызметті берушіге атына жіберілетін) жүк жөнелтушi хатының электрондық көшірмесі;
- нысан бойынша мәлімделген транзиттік тасымалдауды жүзеге асырған кезде қозғалыс бағыты, кіру және шығу шекаралық бекеттері, көлік түрі туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі;
- әскери (қосарлы) мақсаттағы өнім транзитін әскери қарауылмен алып жүрген кезде - әскери қарауыл адамдарының санын, олардың қарулары мен әкелінетін қарудың әр бірлігіне оқ-дәрілер туралы деректерді (маркасы (түрі), калибрі, саны) көрсете отырып, әскери қарауыл туралы ақпарат;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасына кіруге немесе Қазақстан Республикасынан шығуға құқық беретін адамдардың (әскери қарауыл құрамынан) құжаттары, бекітілген қаруды, оқ-дәрілерді көрсете отырып, әскери бөлімнің лауазымды адамдары бекіткен әскери қарауыл адамдарының атаулы тізімін және әскери қарауылдың тиісті ілеспе құжаттары (ұйғарым, жүктеу құжаты, қорытынды) ұсынады.Үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші тармақтарында көрсетiлген құжаттар нотариалды куәландырылған көшірмелерінде қоса ұсынылады. Шет тілдерінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлiне немесе орыс тiлiне нотариалды куәландырылған аудармасымен ұсынылады.Егер шет мемлекеттiң мемлекеттiк органы көрсетілетін қызметті алушы болып шығатын жағдайда:үшінші, сегізінші, тоғызыншы тармақтарында көрсетiлген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi;жетінші абзацында көрсетiлген келiсiмшарт болмаған кезде өнімді жеткізу қажеттілігін негіздейтін құжаттар ұсынылады;бесінші тармағында көрсетiлген құжатты беру елдің заңнамасында көзделмесе, түсіндіру хаты ұсынылады.Жеке басты куәландыратын құжат туралы, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын, жеке кәсiпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәлiметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады. |