Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу

1 Қызметті көрсететін мемлекетті орган Қазақстан Республикасы Индустриялық және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк комитетi
2 Ақылы/ақысыз көрсетілін мемлекеттік қызмет Ақысыз
3 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі  1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап лицензияны беру – 20 (жиырма) жұмыс күні;құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшiн күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;Мемлекеттік корпорацияға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты            - 15 (он бес) минут;қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;2) порталға жүгінген кезден бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
4 Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/қағаз түрінде) Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде
5 Қажетті құжаттардың тізбесі Мемлекеттік корпорацияға:
  1. осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш;
  2. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 302 «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Заңының 15 бабына бекітілген талаптарына сәйкес, мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалған химиялық өнімнің қауіпсіздік паспорты.
Порталға:
  1. з көрсетілетін қызметті алушының электронды сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭСҚ) куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаны бойынша химиялық өнімді тіркеуге арналған өтініш;
  2. Заңның 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін химиялық өнімнің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қауіпсіздік паспорттарының электрондық көшірмелері
  3. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады
  4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
6 Министрдің бұйрығымен бекітілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартының атауы «Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 520 бұйрығы.
7 Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру 1.         «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы2. «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz , www.elicense.kz  веб-порталы
Дата публикации
29 апреля 2020