«Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану»

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы                         26 желтоқсандағы № 981 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 981 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) жоғарыда көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімнің жобасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) 2 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Беделбайұлы Көшербаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Минералдық тыңайтқыштар шығару зауытын салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін».

  1. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

А. Мамин

 

Дата публикации
17 апреля 2020