«Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 355 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы
16 наурыздағы № 286 Жарлығының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылар мен олардың мердігерлерінің пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөнінде операциялар жүргізу кезінде пайдаланатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:
85-тармақ мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіндегі:
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы берген «CT-KZ» түріндегі тауардың шығарылуы туралы сертификатты немесе индустриялық сертификатты ұсынған немесе «Қазақстандық қамту» интернет-порталы ақпараттық жүйесінде орналастырылған жағдайда қазақстанда шығарылған ТЖҚ-ді сатып алу, не мұндай ТЖҚ Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін жағдайда, шет елде шығарылған ТЖҚ-ді сатып алу.
Осы тармақша өндірістің тоқтауына және көлемін төмендетуге жол бермеу, сондай-ақ өндірістік процестерге тартылған қызметкерлердің қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында ғана қолданылады.»;
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
|
|
Т. Жанжуменов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі