Басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды қайта бөлу деңгейін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін тауарды қайта бөлу деңгейін бағалау әдістемесін бекіту туралы

«Өнеркәсіп саясаты туралы» Қазақстан Республикасы заңының 26-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Басым тауарлар тізбесіне енгізу үшін қоса беріліп отырған тауарды қайта бөлу деңгейін бағалау әдістемесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
29 декабря 2021