«Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс және
толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:
4-тармақ мынадай мазмұндағы 14), 15), 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«14) Жүктерді қоймаға қою және сақтау;
15) Жүктерді көліктік өңдеу;
16) Өзге де көліктік қосалқы қызмет.».
11-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) әуежайлар қызметі;».
11-тармақ мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14) тармақшалармен толықтырылсын:
«10) Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылысы;
11) Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі;
12) Мейрамханалардың қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер;
13) Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару;
14) Демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша қызмет.».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі