Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                         город Нур-Султан                                                                                                               

 

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
    Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму
    вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

 

Бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

 

  1. «Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 384 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12197 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнімнің транзитіне рұқсат беру қағидаларында:

6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«6. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы:

Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары үшін:

1) «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі-Мемлекеттік корпорация);

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталына www.egov.kz (бұдан әрі-портал);

шетелдік заңды тұлғалар үшін:

1) Мемлекеттік корпорацияға;

2) порталға;

3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін шетелдік заңды тұлғалар кеңсе қызметкеріне мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген қағаз жеткізгіште ұсынады.

Шетелдік заңды тұлға құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі құжаттардың қабылданғанын растау болып табылады.»;

13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдауды және тіркеуді олар келіп түскен күні жүзеге асырады және орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.

Көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

  1. Орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған осы Қағидаларға 3 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі-Дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

Шетелдік заңды тұлғаға Дәлелді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қағаз құжат нысанында беріледі.

Жеке басты куәландыратын құжат туралы, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын, дара кәсіпкерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;

15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Көрсетілетін қызметті алушы немесе шетелдік заңды тұлға құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, орындаушы көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өнімді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізудің алдын алу және жолын кесу мақсатында оларды «Экспорттық бақылау саласындағы рұқсат құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысымен көзделген тиісті мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.»;

16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Орындаушы құжаттарды қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін - осы Қағидаларға 4 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсатты не көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған дәлелді бас тартуды ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне не беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.»;

1 және 3-қосымшалар осы тізбеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

  1. «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11870 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

2 және 3-қосымшалар осы тізбеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

  1. «Өнімді кері экспорттауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12450 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Экспорттық бақылауға жататын өнімді кері экспорттауға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) өтініші арқылы:

Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары үшін:

1) «электрондық үкіметтің» веб-порталына www.egov.kz (бұдан әрі-портал);

шетелдік заңды тұлғалар үшін:

1) порталға;

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне.»;

5-тармақ алып тасталсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі-Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) сәйкес құжаттардың электрондық көшірмелерін жібереді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.»;

15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі-қолма-қол;

2) портал-электрондық түрде жүзеге асырылады.»;

18-тармақ алып тасталсын;

1-қосымша осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

2-қосымша алып тасталсын;

3-қосымша осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 632 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11907 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген кепілдік міндеттемелерді (түпкілікті пайдаланушылар сертификаттарын) ресімдеу қағидалары осы тізбеге 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау қағидарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 719 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14697 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортын және импортын лицензиялау қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспортына және импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

1 және 2-қосымшалар осы тізбеге 8 және 9-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 335 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20865 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тау-кен және химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

3-тармақ мынадай  редакцияда жазылсын:

«3. «Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

1 және 2-қосымшалар осы тізбеге 10 және 11-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 374 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20907 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

1 және 2-қосымшалар осы тізбеге 12 және 13-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 392 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20949 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген  «Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

1 және 2-қосымшалар осы тізбеге 14 және 15-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

  1. «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 10 шілдедегі № 394 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20980 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

2-тармақ мынадай редакцияда жызалсын:

«2. «Тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

1, 2 және 3-қосымшалар осы тізбеге 16, 17 және 18-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

 

 

 

 

Дата публикации
07 июля 2021