Жоба
«Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 356 қаулысына өзгерістер ензізу туралы
Қазақстан Республикасының үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 356 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) уәкілетті органның лауазымды тұлғасына мынадай құжаттарды:
1) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесін, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін.
Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
2) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысын электрондық форматта ұсынады.».
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкету кезінде өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) уәкілетті органның лауазымды тұлғасына мынадай құжаттарды:
1) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесін, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін.
Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
2) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысын электрондық форматта ұсынады.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларында:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өңделмеген табиғи алмастарды әкелу кезінде өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) уәкілетті органның лауазымды тұлғасына мынадай құжаттарды:
1) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесін, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін.
Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
2) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысын;
3) өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының талаптарына сәйкес ресімделген мемлекет-экспорттаушының Кимберлий процесінің сертификатын электрондық форматта ұсынады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Өңделмеген табиғи алмастарды әкету кезінде өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) уәкілетті органның лауазымды тұлғасына мынадай құжаттарды:
1) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесін, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесін.
Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
2) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысын элетрондық форматта ұсынады.».
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |