Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызметін жүзеге асыруға лицензия алу

Тау-кен және химия өндiрiстерiн пайдалану қызмет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті беретін, басты лицензия негізінде жүзеге асырылады.

Өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығымен бекітілген.

Өтініштерді ұсыну және қарау рәсімі «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығы 2-қосымшасында белгіленген.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтің анықтамалық ақпаратты 8 (7172) 75-41-06, байланыс телефондары арқылы алуыңызға болады немесе http://dialog.egov.kz Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына арыздансаңыз болады

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 14-14.

  1. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000202 № 202-V ҚРЗ
  2. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010427 № 45
  3. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011636#z39 №563
  4. www.adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011630 № 619
Дата публикации
24 февраля 2020