Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою жөніндегі қызмет Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті беретін, басты лицензия негізінде жүзеге асырылады.
Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысымен бекітілген.
Уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою бойынша қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 46 бұйрығымен бекітілген.
Рұқсатты алу үшін өтінштерді беру және қарау тәртібі «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығы 5-қосымшамен белгіленген.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
«электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтің анықтамалық ақпаратты 8 (7172) 75-41-06.байланыс телефондары арқылы алуыңызға болады немесе http://dialog.egov.kz Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына арыздансаңыз болады
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 14-14.