«Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2019 жылғы 16 қыркүйекте (Бұдан әрі - қаулы) № 689 қабылданды.
Қаулыға толықтыру енгізу өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен және «Тарифтік емес реттеу шаралары туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешімімен сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.