Аффинаждауға дейін минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер есепке алу қағидаларын бекіту туралы

         Нұр-Сұлтан қаласы                                                                                                         город Нур-Султан                                                                                                               

 

 

Аффинаждауға дейін минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер есепке алу қағидаларын бекіту туралы

 

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы Келісімнің 4-бабы 1-тармағының в) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Аффинаждауға дейін минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер есепке алу қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыру.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы                                                                           Аты-жөні

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму министрлігі,

инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық даму

        Министрінің бұйрығымен бекітілген

        «___» ________ 20 ____жыл

        № _______

 

 

Аффинаждауға дейін минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер есепке алу қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Аффинаждауға дейін минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер есепке алу қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімнің 4-бабы 1-тармағының в) тармақшасына сәйкес әзірленді және аффинажға дейін минералдық шикізатқа және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының ауысуына, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке – мәмілелерді есепке алу).
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) бағалы металдарды аффинаждау – құрамындағы бағалы металды мемлекетаралық стандарттардың және (немесе) мүше мемлекеттердің мемлекеттік (ұлттық) стандарттарының және (немесе) мүше мемлекеттердің аумағында қолданылатын техникалық шарттардың және (немесе) Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығы (LBMA) және Лондон платина мен палладий нарығына қатысушылар (LPPM) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес келетін мәндерге дейін жеткізе отырып, алынған бағалы металдарды қоспалардан және ілеспе химиялық элементтерден тазалау процесі;

2) асыл тастар – табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу, бірегей кәріптас түзілімдер. Асыл тастардың сипаттамаларына (қасиеттеріне) ие жасанды жолмен алынған материалдарды асыл тастарға жатқызуға болмайды;

3) минералды шикізат – жер қойнауынан өндірілген және құрамында байырғы кен орындарының асыл металдары, шашыраңқы кен орындарының құмдары, кендер мен техногендік кен орындарының құмдары, концентраттар, шлих алтыны мен платина, Доре қорытпасы, катодты металл және мырыш шөгінділері, сондай-ақ құрамында өнеркәсіптік тәсілмен алынатын бағалы металдар бар полиметалды (кешенді) кендер;

4) өңделмеген табиғи алмас – табиғи күйдегі, өңделмеген және (немесе) ішінара өңделген (шағылған, арамен тілінген, рундист жағылған) алмас;

5) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

 

 

2-тарау. Мәмілелерді есепке алуды жүргізу тәртібі

 

  1. Мәмілелерді есепке алу уәкілетті органның «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүргізуі арқылы жүзеге асырылады. www.egov.kz (бұдан әрі – электрондық портал) аффинаждауға дейін минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер тізілімінің (бұдан әрі- Мәмілелер тізілімі) көшірмелерін ұсынады.
  2. Мәмілелер тізілімі бағалы тастармен немесе құрамында бағалы металдар бар минералдық шикізатпен операциялар жасайтын заңды тұлғалардан және дара кәсіпкерлерден уәкілетті органның электрондық порталына мәмілені есепке қою туралы хабарламалардың түсуіне қарай қалыптастырылады.
  3. Мәмілені есепке қою туралы хабарламаны заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер электрондық портал арқылы береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.

Хабарламада мыналар көрсетіледі:

1) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның атауы, оның заңды мекенжайы, басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе сенімхат бойынша, байланыс телефонының нөмірі;

2) дара кәсіпкерлер үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (сериясы, нөмірі, кім, қашан берді), тіркелген жері бойынша мекенжайы.

  1. Заңды тұлға хабарламаға қоса:

1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;

2) аффинаждауға дейін минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді растайтын құжаттың көшірмесі беріледі.

  1. Дара кәсіпкерлер хабарламаға қоса:

1) жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсете отырып, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

2) аффинаждауға дейін минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді растайтын құжаттың көшірмесі беріледі.

  1. Мәмілелерді есепке алуды уәкілетті орган хабарлама қабылданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мәмілені есепке қою туралы хабарлама беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Тиісті мәмілені есепке алу фактісі мәмілелердің электрондық Тізілімінде мәміле туралы тиісті жазбаның болуымен расталады, ол өтінімнің келіп түсуіне қарай уәкілетті органның интернет-ресурсында еркін қолжетімділікте орналастырылады.

  1. Осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда өтініш қараусыз қалдырылады, бұл туралы өтініш берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
  2. Мәмілелер тізілімінде:

1) заңды тұлғаның атауы/дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты;

2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке-сәйкестендіру нөмірі;

3) заңды мекенжайы/тіркелген жерінің мекенжайы;

4) аффинаждауға дейін минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді растайтын құжаттың нөмірі, күні және атауы;

5) Мәміле туралы құжатты мәмілелер тізіліміне енгізу күні.

  1. Осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасында және 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тіркеу құжаттарындағы деректер өзгерген жағдайда, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға осы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып хабарлайды. Бір мезгілде салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары не нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады.
  2. Аффинаждауға дейін минералды шикізатқа және (немесе) өңделмеген асыл тастарға меншік құқығының өтуіне, сондай-ақ оларды кепіл ретінде пайдалануға байланысты мәмілелерді есепке қою туралы хабарламаны заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер тиісті мәмілені растайтын құжатқа қол қойылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға береді.
Дата публикации
01 июня 2021