2021 - 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

 

 

 

2021 - 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

 

 

«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің «Сирек және жерде сирек кездесетін элементтер негізінде жоғары пайдалану қасиеттері бар жаңа композициялық материалдар жасау» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру 2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                               А. Мамин

Дата публикации
28 мая 2021