«Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетін, арнайы экономикалық аймақ бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне қызметтің басым түрлерін енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 142 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы:
1) металлургия өнеркәсібі;
2) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;
3) авиациялық, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды жасау;
4) автокөлік құралдарын, трейлерлерді және жартылай тіркемелерді жасау;
5) компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімдерді жасау;
6) электр жабдықтарын жасау;
7) химия өнеркәсібі өнімдерін жасау;
8) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;
9) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi жасау;
10) гидравликалық жабдықты жасау;
11) өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен қақпақшаларды жасау;
12) өзге де шүмектер мен бұрандаларды жасау;
13) подшипниктерді, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтерін және жетектерді жасау;
14) плиталар, пештер және пеш оттықтарын жасау;
15) көтеру және тасымалдау жабдығын жасау;
16) қол электр құралдарын жасау;
17) өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын жасау;
18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттарын жасау;
19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықты жасау;
20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындар өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдығын жасау;
21) центрифугалар (қаймақайырғыштар мен кептіру аппараттарынан басқа) жасау;
22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суыту үшін су суыту бағандарын жасау;
23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау;
24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты жасау;
25) өзге де металл өңдейтiн станоктарды жасау;
26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықты жасау;
27) тау-кен өндiру өнеркәсiбiне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техниканы жасау;
28) тамақ өнiмдерiн, сусындарды және темекi бұйымдарын өндiруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;
29) тоқыма, тiгiн, үлбiр және терi бұйымдарын дайындауға арналған жабдықты жасау;
30) қағаз бен қатырма қағазды дайындауға арналған техниканы жасау;
31) резеңкенi, пластмассалар мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;
32) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
33) «қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; істен шыққан көлік құралдарына, арнайы техникаға және ауыл шаруашылығы машиналарына, тоңазытқыштар мен тоңазытқыш жабдықтарына қатысты материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру).».
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
|
Б. Атамкулов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 27.04.2021
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 22618 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство индустрии и инфраструктурного развития РК - директор Айдар Куанышевич Алиакпаров, 17.03.2021 10:25:49, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство национальной экономики РК - Первый вице-министр Тимур Мекешевич Жаксылыков, 20.03.2021 16:59:55, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство финансов РК - Министр финансов Ерулан Кенжебекович Жамаубаев, 25.03.2021 18:53:30, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Вице-министра Наталья Виссарионовна Пан, 08.04.2021 19:03:36, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамкулов, 22.04.2021 12:39:23, положительный результат проверки ЭЦП