Оператордың қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы

2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 285-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Оператордың қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған өңдеу саласындағы жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымды өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерін қаржыландыру қағидалары бекітілсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі

А. Мамин

Дата публикации
26 апреля 2021