«Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және
даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 401 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13760 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) өзгерістерұқықтық актілерінің эталондық
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тастарға, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға сараптама жүргізу қағидаларында:
2-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары – жарамсыз болып қалған немесе өзінің тұтынушылық қасиеттерін және (немесе) функционалдық мақсатын жоғалтқан бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған өнім (бұйым), оның бөліктері, осындай өнімді (бұйымдарды) өндіру процесінде туындаған жөнделмейтін ақау, сондай-ақ өндіру және (немесе) тұтыну процесінде пайда болған және негізінен бағалы металдарды алу үшін пайдаланылатын, құрамында бағалы металдар бар шикізаттың, материалдардың, жартылай фабрикаттардың қалдықтары.»;
3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) асыл тастарды, зергерлік және басқа бұйымдарды, сондай-ақ бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету;»;
10-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) зергерлік бұйым ақауларының сыртқы түрі мен сипатының ағымдағы жағдайын жаңа бұйым немесе бұрынғы пайдалану ретінде айқындау.»;
осы Қағидаларға 1 және 3-қосымшалары осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
| Қазақстан РеспубликасыныңИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрі | Б. Атамқұлов |