Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен олардың қадағалануы қағидаларын бекіту туралы

Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен олардың қадағалануы қағидаларын бекіту туралы

 

«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының  7-2-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса берілген Аяқ киім тауарларын бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау мен олардың қадағалануы қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 6401-6405 кодтары бойынша 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы   ТАӘ

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрлігі

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Дата публикации
31 марта 2021