«Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және бақылау қағидаларын бекіту туралы»

«Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және бақылау қағидаларын бекіту туралы»

 

2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2 бабы 2) тармақшасына және 2018 жылғы                               2 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдар» тауар позициясы бойынша тауарларды бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалау және қадағалау Қағидасы бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.  

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы Аты-жөні

 

 

 

 

«КЕЛІСЕМІН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі

 

 

 «КЕЛІСЕМІН»

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрлігі

 

«КЕЛІСЕМІН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрлігі

 

Дата публикации
15 марта 2021