Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу

Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 76 бабы негізінде жүзеге асырылады.  

Қауіпті өндіріс объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігін міндетті декларациялау қауіпті өндірістік факторлардан халықты қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының тиімділігі және жеткіліктілігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы «Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысымен бекітілген декларациялауға жатқызу критерийлеріне және «Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен бекітілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.  http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1400000864 №864, http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1400010257, №341

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрiнiң 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығының «Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарт 2-қосымшасымен бекітілген.

http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011363#z148 № 511

 

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011629   № 640 бұйрығы

 

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

  1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  2.  www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады, www.elicense.kz.
Дата публикации
06 февраля 2020