Заңды тұлғалардың құқығын өндірістік қауіпсіздік саласында жұмыс жасауын аттестациялау

ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитеті Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ Заңы мен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы № 272-VІ ҚРЗ Заңын жүзеге асыру мақсатында «Е-лицензиялау» жүйесінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдеріне өзгертулер енгізілетіндігін хабарлайды:

  • «Заңды тұлғаларды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі 20 жұмыс күнінен 10 жұмыс күніне ауыстырылды;
  • «Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімі 15 күнтізбелік күннен 7 жұмыс күніне ауыстырылды.
Дата публикации
06 февраля 2020