«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ келесі мемелекеттік қызметтерді көрсетеді:
1.«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру»;
2. «Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу»;
3. «Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару».
Аталған мемлекетік қызметтер өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттеріне сәйкес, сонымен қатар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетіледі.
«Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 75-бабына сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
2. www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 78-бабына сәйкес көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетлетін қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: мемлекеттік көрсетілетін қызметті Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттері арқылы алу үшін құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;
«Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 77-бабына сәйкес көрсетіледі.
Өтінішті мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру қабылдау және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетудің уақыты көрсетілетін қызметті берушіге топтамасын ұсынған күннен бастап – 10 (он) жұмыс күні.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен жүзеге асырылады. Қажетті құжаттардың тізімі, сондай-ақ өзге керек ақпаратпен жоғарыда көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерінде танысуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе оның лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану келесі интернет-ресурстарда орналастырылған мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Мемлекеттік корпорация басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына шағым беріледі:
1. Министрлік – www.miid.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
2. Көрсетілетін қызметті беруші – www.comprom.gov.kz, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі;
3. Мемлекеттік корпорация – www.gov4c.kz.
Сұрақтар бойынша келесі мекен-жай бойыша хабарласуға болады: Көкшетау каласы, М.Әуезов көшесі, 230, 12 кабинет.Тел.: 8 (7162) 255267.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414, 8 800 080 7777.