Тауарлардың, технологиялардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің, ақпараттың экспорттық бақылауға жататын өнімге тиісті еместігі және лицензия ресімдемей экспорттау/импорттау мүмкіндігі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті өтініш берушінің хаты негізінде береді.
Экспорттық бақылауға жататын өнім тізбесі «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысымен бекітілген.
Рұқсатты алу үшін өтініштерді қарау және беру тәртібі «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына 11-қосымшамен белгіленген.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтің анықтамалық ақпаратты 8 (7172) 75-49-25, 75-48-53, байланыс телефондары арқылы алуыңызға болады немесе http://dialog.egov.kz Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына арыздансаңыз болады
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 14-14.
www.adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011636 № 104