Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде экспорттық бақылауға жататын өнімді қайта өңдеуге рұқсат алу

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде экспорттық бақылауғажататын өнімді қайта өңдеу Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті беретін рұқсат негізінде жүзеге асырылады. 

Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру қағидалары Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің



2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығымен бекітілген. 

Рұқсатты алу үшін өтініштерді қарау және беру тәртібі «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына 8-қосымшамен белгіленген.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтің анықтамалық ақпаратты 8 (7172) 75-49-25, 75-48-53, байланыс телефондары арқылы алуыңызға болады немесе http://dialog.egov.kz Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына арыздансаңыз болады

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 14-14.

www.adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011870 № 419

www.adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011636#z180 № 563

www.adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011630 № 619

Дата публикации
31 января 2020