Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспортына рұқсат алу

Экспорттық бақылауға жататын өнімнің кері экспорты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті беретінрұқсат негізінде жүзеге асырылады.

Өнімнің кері экспортына арналған рұқсатты беру қағидалары «Өнімнің кері экспортына рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 539 бұйрығымен бекітілген.

Рұқсатты алу үшін өтініштерді қарау және беру тәртібі «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы көрсетілетін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына 9-қосымшамен белгіленген.  

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы;

2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтің анықтамалық ақпаратты 8 (7172) 75-49-25, 75-48-53, байланыс телефондары арқылы алуыңызға болады немесе http://dialog.egov.kz Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына арыздансаңыз болады

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 14-14.

www.adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012450 № 539

www.adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011636#z203 № 563

www.adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011630 № 619

Дата публикации
31 января 2020