Егер экспорттаушы елдің заңнамасында осындай құжатты ұсыну көзделген жағдайда, кепілдік міндеттеме(түпкілікті пайдаланушының сертификаты) импорттаушыға беріледі.
Кепілдік міндеттеме (түпкілікті пайдаланушының сертификаты) тиісті мемлекеттік органдардың экспорттық бақылауға жататын өнімнің елге жеткізілуі туралы хабардар болуы және оның одан әрі қолданылуы мен қозғалысын бақылау Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері мен ұлттық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуының растауы болып табылады.
Импорттаушы және түпкі пайдаланушы өзіне алған міндеттемелерін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Импорттаушы сатып алған тауардың түпкі пайдаланушыға жеткізілуіне жауап береді, өз кезегінде түпкі пайдаланушы тауарды тек мәлімделген мақсаттарда қолдануға міндетті, ал оны мемлекет аумағында үшінші елдерге беру және Қазақстан Республикасынан кері экспорттау экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
Рұқсатты алу үшін өтініштерді қарау және беру тәртібі «Өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығына 10-қосымшамен белгіленген.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметтің анықтамалық ақпаратты 8 (7172) 75-49-25, 75-48-53, байланыс телефондары арқылы алуыңызға болады немесе http://dialog.egov.kz Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің блогына арыздансаңыз болады
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 14-14.
www.adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011907 № 632
www.adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011006 № 418