Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдары қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау актісін беру (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау актісі)
Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын мемлекеттік бақылау – бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін жүргізілетін әкімшілік рәсім.
Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдары қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті беретін Мемлекеттік бақылау актісінің негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылау актісін беру қағидалары "Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 қаулысымен бекітілген.
Мемлекеттік бақылау актісін алуға өтінішті беру және қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 564 «Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының 4-қосымшасына сәйкес бекітілген.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Порталда көрсетілген қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Еуразиялық экономикалық комиссияның шешіміне сәйкес мынадай құжаттар:
1) сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымша және (немесе) толықтырулардың көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі;
2) тауарлардың толық ассортиментін түрін, санын және массасын көрсете отырып бағалы металдарды қамтитын тауарларға арналған ерекшелік;
3) әкетілетін тауарлардың құрамында бағалы металдардың және асыл тастардың құнының есебі;
4) арнайы есепке алу туралы құжаттың көшірмесі немесе қызмет түріне лицензияның көшірмесі;
5) тауарларды иеленген (сатып алу) заңдылығын растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі немесе делдалдық шарттың көшірмесі;
6) әкететін тауарлардың (зергерлік бұйымдарды қоспағанда) нормативтік-техникалық және (немесе) техникалық құжаттамасы;
7) жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензия немесе келісімшарттың (шарттың) көшірмесі немесе жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты (шартты) тіркеу туралы акт (өндіру субъектілері үшін).
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы металдардағы активтерді толықтыру үшін тазартылған алтынды сатып алуға басым құқықты іске асырудан бас тартуын растайтын құжат (тазартылған алтынды әкеткен жағдайда);
құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы аккредиттелген сынақ зертханасы берген құжаттың көшірмесі;
әкетуге арналған қорытындының көшірмесі (тауарды әкеткен жағдайда).
қайта өңдеуге арналған қорытындының көшірмесі (тауарды қайта өңдеуге әкеткен жағдайда).
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 75-48-85, 75-49-28.