Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына

Экспорты лицензияның негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтарын және қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау актісін беру

(бұдан әрі – Мемлекеттік бақылау актісі )

Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын мемлекеттік бақылау – бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін жүргізілетін әкімшілік рәсім.

Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге экспорты лицензия негізінде (лицензиясыз) жүзеге асырылатын бағалы металдарды (олардан жасалған бұйымдарды қоспағанда), бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын әкелу кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті беретін Мемлекеттік бақылау актісінің негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бақылау актісін беру қағидалары "Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 қаулысымен бекітілген.

Мемлекеттік бақылау актісін алуға өтінішті беру және қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 564 «Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының 5-қосымшасына сәйкес бекітілген.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Порталда көрсетілген қызметті алушыға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

  1. көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
  2. сыртқысауда шартының (келісімшартының), қосымшасының және (немесе) оған қосымшаның көшірмесі, сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың электронды көшірмесі;
  3. тауарлардың толық ассортиментін, санын және массасын көрсете отырып құрамында бағалы металдары бар тауарларға арналған ерекшелік;
  4. шеберлердің зергерлік бұйымдары мен алтын және күмістен жасалған бұйымдарын, басқа да бұйымдарды және олардың бөліктерін қоспағанда тауардың құрамындағы бағалы металдар туралы құжаттың көшірмесі;
  5. арнайы есепке алуға қою туралы құжаттың көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 75-48-85, 75-49-28.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000422 №422

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011431#z142 №564

Дата публикации
31 января 2020