Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық орынсыздығы немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды беру (бұдан әрі – қорытынды)

Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкету Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті беретін Қорытынды негізінде жүзеге асырылады.

Қорытынды беру қағидалары "Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 422 қаулысымен бекітілген.

Қорытынды алуға өтінішті беру және қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 564 «Тау-кен металлургия өнеркәсібі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес бекітілген.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Порталда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  1. көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
  2. құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын өндіру субъектілері үшін – жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттың көшірмесі. Бұл ретте мұндай құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларды қоспағанда, егер мұндай құжаттың көшірмесі бұрын ұсынылған болса, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартты ұсыну талап етілмейді;
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларымен операцияларды жүзеге асыруға құқығы бар басқа ұйымдар үшін – әкетілетін шикізат тауарларына меншік құқығын растайтын құжаттың көшірмесі;
  4. сыртқы сауда шартының (келісімшартының) оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымша және (немесе) толықтырулардың көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге де құжаттың көшірмесі. Егер мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде келісімшарт (шарт, келісім) болмаған жағдайда, онда келісімшарттың (шарттың, келісімнің) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымын және күнін, қолы мен мөрін көрсете отырып) қоса беріледі;
  5. құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы барлық бағалы металдардың үлестік құрамы туралы мәліметтер көрсетілуі тиіс бағалы металдар мен ілеспе алынатын металдардың құрамы туралы аккредиттелген сынақ зертханасы берген құжаттың көшірмесі;
  6. бағалы металдарды өндірудің барлық субъектілерінен тауарларды қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тартуы немесе уәкілетті орган бекіткен тәртіппен алынған осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасы.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 75-49-28, 75-48-85.

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1600000422 №422

http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500011431#z78 №564

Дата публикации
31 января 2020