GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Мәслихат аппараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Все материалы
28 сентября 2026
Шыңғырлау ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссиясы құрамының бос орынына конкурс жариялау туралы Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

           Шыңғырлау ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссиясы құрамының бос орынына конкурс жариялау туралы Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

   «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихаты № 1 – 1, № 5 – 2, № 9 – 1 округтік, № 405 – 1, № 413 – 1, № 417 – 1, № 424 – 1, № 425 – 2 учаскелік сайлау комиссиясы  құрамдарының бос орындарына ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды. 

Осыған байланысты саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау крмиссиясының ұсынысы бойынша сайлайды, Шыңғырлау ауданының  округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау 2026 жылдың 28 қыркүйектен 3 желтоқсанына дейін белгіленеді, белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау крмиссиясының ұсыныстары қабылданады.

Үміткерлер туралы ұсыныстарды аудандық мәслихаты, мына мекенжайда  Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі № 93 сағат 9-дан 18-ге дейін қабылдайды.

Шыңғырлау ауданының округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын үміткерлер сайлау туралы Конституциялық Заңының 19-бабы 2-1 тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Көрсетілген мерзімде саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау крмиссиясының ұсынылатын үміткерлердің тізімдерін аудандық мәслихатқа жолдайды және оған мына құжаттарды жалғайды:   

    1)  тиісті сайлау комиссияларының құрамына кондидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғары тұрған сайлау крмиссиясының шешімінен үзінді көшірме;    

    2) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті олардың немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

  3) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

                         

Аудандық мәслихат аппараты

     

28 сентября 2026
Кезекті сессия
15 сентября 2026
Аудандық мәслихатының кезекті сессиясын шақырылуы туралы хабарлама

                                          Хабарлама

 

         Аудандық мәслихат төрағасының 2026 жылғы 14 қыркүйектегі № 49 шешіміне сәйкес аудандық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылады.

                                       Күн тәртібі:

  1. Шыңғырлау ауданы әкімінің өзіне жүктелген фунциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
  2. Басқа да мәселелер.

     Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы 2026 жылдың 25 қыркүйек күні сағат 1100-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

 

                                                                            Мәслихат аппараты

 

08 июня 2026
Аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақырылуы туралы хабарлама

                            Хабарлама

         Аудандық мәслихат төрағасының 2026 жылғы 8 маусымдағы № 47 шешіміне сәйкес аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

                            Күн тәртібі:

  1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы

№43-1 «2026-2028  жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  1. Басқа да мәселелер.

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы 2026 жылдың 11 маусым күні сағат 1100.

                                                   

                                               Мәслихат аппараты

01 июня 2026
Мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадасында тоғызқұмалақтан жекелей ерлер арасында ІІІ орын

         Құттықтаймыз!

     Ағымдағы жылдың 28–31 мамыр күндері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадасында тоғызқұмалақтан Шыңғырлау құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жекелей ерлер арасында ІІІ орын  иеленді.

     Команда мүшесі:

    🔹 Шыңғырлау аудандық маслихат аппаратының басшысы Шагиров Сағатқали Ахсанұлы

    Сайыс барысында аудан намысын абыроймен қорғап, шеберлік пен табандылықтың үлгісін көрсете білген спортшыларымызға алғыс білдіреміз!

     Жеңістеріңіз көп болсын!

 

15 мая 2026
III ашық SENAT OPEN шахмат турнирінің облыстық кезеңі өткізілді.

     Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Орал қаласында III ашық SENAT OPEN шахмат турнирінің облыстық кезеңі өті. Аталған шараға 214 ойыншы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша үздік 35 қатысушы іріктеліп, Ақтау қаласында өтетін өңірлік кезеңде облыс намысын қорғайды. Биыл шахматшылар саны екі есеге артқан. Қатысушылар қатарына білім беру, денсаулық сақтау саласының мамандары мен құқық қорғау органдарының өкілдері де қосылды.

 

14 мая 2026
Шыңғырлау аудандық (аумақтық), округтік және учаскелік сайлау комиссиясы құрамының бос орынына конкурс жариялау туралы Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

     Шыңғырлау аудандық (аумақтық), округтік және учаскелік сайлау комиссиясы құрамының бос орынына конкурс жариялау туралы Шыңғырлау аудандық мәслихатының ХАБАРЫ

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихаты, аудандық (аумақтық) 1 бос орына, № 4 – 1, № 5 – 1, № 7 – 2, округтік, № 402 – 2, № 408 – 1, № 417 – 1, № 419 -1, № 423 – 1, және учаскелік сайлау комиссиясы  құрамдарының бос орындарына ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды. 

     Осыған байланысты саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау крмиссиясының ұсынысы бойынша сайлайды, Шыңғырлау ауданық (аумақтық), округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау 2026 жылдың 14 мамырынан 21 мамырына дейін белгіленеді, белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау крмиссиясының ұсыныстары қабылданады.

     Үміткерлер туралы ұсыныстарды аудандық мәслихаты, мына мекенжайда  Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев көшесі № 93 сағат 9-дан 18-ге дейін қабылдайды.

     Шыңғырлау аудандық (аумақтық), округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын үміткерлер сайлау туралы Конституциялық Заңының 19-бабы 2-1 тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

     Көрсетілген мерзімде саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау крмиссиясының ұсынылатын үміткерлердің тізімдерін аудандық мәслихатқа жолдайды және оған мына құжаттарды жалғайды:   

    1)  тиісті сайлау комиссияларының құрамына кондидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) шешімі, жоғары тұрған сайлау крмиссиясының шешімінен үзінді көшірме;    

     2) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті олардың немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

    3) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

                         

                                                 Аудандық мәслихат аппараты

08 мая 2026
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, сенбілік өткізілді.

     «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, сенбілік өткізілді.

      Ағымдағы жылдың 30 сәуір күні, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында, аудандық мәслихат аппараты және аудандық «AMANAT» партиясы филиалы қызметкерлерінің қатысуымен аудан орталығының көше бойындағы ағаштардың түптерін кесу және әктеу бойынша сенбілік өткізілді.

https://www.facebook.com/share/r/1AZP3Bv96Q/

14 апреля 2026
Аудандық мәслихатының кезекті сессиясын шақырылуы туралы хабарлама

                     

                                         Хабарлама

 

         Аудандық мәслихат төрағасының 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 46 шешіміне сәйкес аудандық мәслихатының кезекті сессиясы шақырылады.

                                       Күн тәртібі:

  1. Ауылдық округтер әкімдерінің өзіне жүктелген фунциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есептері.
  2. Басқа да мәселелер.

Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы 2026 жылдың 27 сәуір күні сағат 1100 аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткізіледі.

 

Мәслихат аппараты

 

31 марта 2026
Бекітілген аумақта сенбілік жұмыстары жүргізілді

     Бүгін аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері, аудан орталығының тазалығын сақтау мақсатында сенбілікке қатысып, бекітілген Панфилов көшені қатты тұрмыстық қалдықтардан жинастыру жұмыстарын жүргізді.

  https://www.facebook.com/share/p/1L5tuuPaQn/

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы