«Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕСІ
Жамбыл облысы әкімдігінің
2025 жылғы «___» ________
№ ____ қаулысына 2-қосымша
«Жамбыл облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕСІ
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) баланың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) балаларды кемсітуге жол бермеу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
3) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің негізгі кепілдіктерін нығайту, сондай-ақ бұзылған жағдайларда олардың құқықтарын қалпына келтіру.
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгіну, талап қою;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарау;
4) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
14-1. Басқарманың міндеттері:
1) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алып, олардың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою;
2) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету;
3) арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарды әлеуметтiк оңалту;
4) кәмелетке толмағандардың заңға мойынсұнушылық мiнез-құлқын қалыптастыру;
5) кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылықтар немесе қоғамға жат iс-әрекеттер жасауға тарту фактiлерiн анықтап, жолын кесу;
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөнiндегi заңды тұлғалардың қызметiн үйлестiру.
1) балалардың құқықтарын қорғау саласында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын, балалардың өмір сапасының құқықтық және әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз ету;
2) балалардың құқықтарын қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру, салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
3) облыс әкімдігіне аумақтағы балалардың жағдайы туралы жыл сайын баяндама әзірлеу;
4) өз құзыреті шегінде балалардың құқықтарын қорғау саласының әртүрлі аспектілеріне зерттеулер жүргізу;
5) білім беру жүйесін басқару органдарында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
6) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
7) жергілікті атқарушы органдардың балалар еңбегін пайдалануға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру және мониторинг жүргізу;
8) жергілікті атқарушы органдардың балалар саудасы фактілерін жою, адам саудасынан зардап шеккен балалардың құқықтарын қорғауды және қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және мониторинг жүргізу;
9) жергілікті атқарушы органдардың балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуына қарсы іс-қимыл, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
10) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен, сондай ақ олардың өңірлік өкілдерімен, үкіметтік емес ұйымдармен және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
11) қиын өмірлік жағдайдағы, қолайсыз отбасылардан шыққан кәмелетке толмағандарды бақылауға алу, профилактикалық жұмыстар ұйымдастыру;
12) балалар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын-алу және суицидті болдырмау бағытындағы жұмыстарды үйлестіру;
13) кәмелетке толмағандарға жыныстық тәрбие беру және жыныстық қол сұғушылықтың, ерте жүктіліктің алдын алу бағытындағы жұмыстарды үйлестіру;
14) білім беру ұйымдарында психологтар мен әлеуметтік педагогтердің қызметін үйлестіру;
15) зорлық-зомбылыққа, қатыгездікпен қарауға, буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ олардың көзінше жеке адамға қарсы құқық бұзушылықтар жасалған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету;
16) балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз ету;
17) балаларға арналған әлеуметтiк инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысу;
18) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi консультацияларды хабарлау мен өткiзу, iс-шараларды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
19) тәрбие, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, дене тәрбиесi мен спорт, әлеуметтiк қызмет көрсету және отбасын әлеуметтiк қорғау саласында балалар мүдделерiне орай Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы, орталық атқарушы органдар айқындаған мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;
20) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының және арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
21) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында жүрген адамдар үшін жағдайлар жасау;
22) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады;
2) Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;
3) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
5) шарттар жасасады;
6) сенімхаттар береді;
7) Басқарманың бөлімдерінің ережелерін бекітеді;
8) өз құзыреті шегінде Басқарманың мекемелері мен ұйымдарының, оның ішінде бөлімдердің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың лауазымды адамдарын және өзге де қызметкерлерін, сондай-ақ Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың басшыларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлеріне және өзге де қызметкерлерге көтермелеу шараларын қолданады және қажет жағдайда тәртіптік жазалар қолданады;
11) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты болады;
12) ерлер мен әйелдердің тәжірбиесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
13) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
14) облыс әкімінің және әкімдігінің тапсырмалары мен актілерін орындайды;
15) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
16) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
17) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді және оларды қабылдайды;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және Жамбыл облысы әкімдігімен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса олғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату