
Аумақтық экология департаменттерінде басшылық лауазымдарға тағайындау жүргізілді. Сонымен, меритократия қағидатын ұстана отырып, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысының бұйрығымен:
Ахметов Ержан Базарбекұлы Ақмола облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ахметов Экологиялық реттеу бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Еңбек өтілі 11 жыл, оның 10 жылын Көкшетау қаласындағы Ақмола облысы бойынша экология департаментінде мемлекеттік қызметке арнаған.
Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары болып Бектасов Азамат Бауыржанұлы тағайындалды, ол Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласындағы Департамент басшысының орынбасары қызметін атқарған. Бектасовтың жұмыс өтілі 9 жыл. Экология департаментінде 2014 жылдан бастап жұмыс жасаған.
Қостанай облысы бойынша экология департаментінің басшысы болып бұрын орынбасары қызметін атқарған Сабиев Талғат Мәлікұлы тағайындалды. Сабиевтің 1999 жылдан бастап еңбек өтілі бар. Мемлекеттік қызметші ретінде 17 жыл қызмет атқарып, оның 8 жылын Қостанай облысы бойынша экология департаментіндегі қызметке арнаған.
Сондай-ақ, мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы қызметін атқарған Тлегенов Сырым Бақтығалиұлы Атырау облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды. Тлегенов 2004 жылдан бастап мемлекеттік қызмет өтілі бар, жалпы еңбек өтілі 19 жыл.