17 шілдеде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі апатты үйінділерге шағымдарды қабылдау үшін жедел желіні (+77759524900) іске қосты. Мәселен, 17 шілдеден 25 тамызға дейін жедел желіге 833 өтініш келіп түсті, олардың ішінде 622-сі апатты қоқыс үйінділері бойынша, 211-і контейнерлік. Өтініштердің ең көп саны: Алматы облысынан – 107, Ақмола облысынан – 100, Қарағанды облысынан – 88, Шығыс Қазақстан облысынан – 91 және Алматы қаласынан – 91 келіп түсті. Бүгінгі күні, 504 рұқсат етілмеген қоқыс орны (61%) жойылды. 322 өтініш орындауда, 7 шағым расталмады.