
Ол азаматтардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталған және елдегі экологиялық сана мен мәдениетті дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенін қамтиды.
Студенттерді экологиялық қызметке баулу үшін аумақтық экология департаменттері еліміздің жоғары оқу орындарында Эко-сағат өткізді.
Іс-шараларға экологиялық хабардарлықты арттыруға ықпал ететін дәрістер мен пікірталастар, сондай-ақ департаменттер қабырғасындағы экологиялық зертханалардың қызметімен таныстыру кірді.
Мұндай іс-шаралар жастарды экологиялық қызметке тартуға, тұрақты экологиялық сананы қалыптастыруға және экологиялық бастамаларды құруда пікірлестерді тартуға ықпал етеді.
Жыл сайын еріктілер экологиялық акцияларға тартылады. Осылайша, 2024 жылы 90 мыңнан астам еріктілер ел өңірлерінде өткізілетін акцияларға қатысты.
Әзірленген тұжырымдама мыналарды қарастырады:
▪️қалдықтарды бөлек жинаудың экологиялық мәдениетін дамыту;
▪️су ресурстары мен жануарлар әлеміне ұқыпты қарау;
▪️халық арасында экологиялық білім беру деңгейін арттыру;
▪️қоршаған ортаның ластануына және экологиялық бұзылуларға «нөлдік төзімділік» мәдениетін қалыптастыру.
Мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдық ұйымдар іс-шараларды іске асыру үшін белсенді өзара іс-қимыл жасайтын болады, бұл экологиялық міндеттерді кешенді шешуді қамтамасыз етеді.