
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Презденті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы Қазақстан халқының білім, өнер, әдебиет және тарих саласында жаңғыруына мүмкіндік берді. Осындай ойымен бүгін алғашқы 60 автордың әлем тіліне аударылған кітаптарының тұсаукесерінде Кембридж университеті Халықаралық серіктестік бөлімінің жетекшісі Энни Мишейлидоу бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы қазақ әдебиетінің әлеуетін ашуға, арттыруға ықпал ететін ауқымды жоба. Осы бағдарлама экономикалық реформаларды білім беру, өнер, әдебиет және тарих саласындағы жаңғырумен ұштастырмақ.