
Елімізде электр қуаты өндірісіне әртүрлі меншік нысанындағы (көпшілігі жеке меншікте) 138 электр станциясы, соның ішінде жаңартылатын энергия көздері үлес қосуда.
Бүгінде республикада электр өндірісінің жалпы қуатты - 21 902 МВт құрайды.
Айта кету керек, соңғы бес жылда, жылу станциялары мен жаңартылатын энергия көздерінің қуаты артуда. 2013 жылмен салыстырғанда электр станциялардың қолданыстағы қуаты 2470 МВт-қа немесе 15 % пайызға ұлғайды.
Бүгінгі таңда, елдегі энергожүйенің мүмкіншілігі жоғары. Тіпті тұтынудың максималды жүктеме кезеңінде де сенімді жұмыс істеуде.
Мысалы, былтырғы жылы максималды жүктеме 25 желтоқсанда тіркелген. Жүктеме 14 823 МВт-ты құрады. Айта кету керек, қазіргі қолданыстағы қуаттың көлемі 18 895 МВт. Демек, максималды жүктеменің өзінде шамамен 4000 МВт қуаты көлемінде қор бар деген сөз.
Жалпы, 2018 жылдың қорытындысы бойынша электр өндіруде 106,8 млрд. кВтсағ құрайтын жоғары көрсеткішке қол жеткізілді.
Электр энергиясын өндіру бойынша энергия өндіруші объектілер арасында: көмірді пайдаланатын станциялардың үлесі – 70%; газда – 20%; су электр станциялары (кіші ГЭС-тарды алмағанда) – 9%; жаңартылатын энергия көздерінің үлесі – 1,3 %. (ҚР Энергетика министрі Қ.Бозымбаевтың баяндамасынан үзінді 26.04.2019 ж.)