
Кеңес барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы және экологиялық заңнамасындағы соңғы түзетулер түсіндірілді.
Кадр қызметі департаментінің қызметкері А.И. Мамиловтың, Комитет төрағасының орынбасары Е. К. Омаровтың экологиялық заңнама нормалары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндамалары тыңдалды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында барлық аумақтық экология департаменттері мемлекеттік қызметшілер арасында 20-дан астам іс-шара өткізді. Тәрбие шарасы ретінде қызметкерлер ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мекемелерінде күдіктілерді уақытша ұстау изоляторларының жұмысымен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлер арасында экология саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Барлық ұсынымдар назарға алынды және Комитет басшылығының бақылауында.