А.ж 23 тамызында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің алқасы өткізілді, онда комитет пен аумақтық экология департаменттерінің 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары талқыланды.

А.ж 23 тамызында Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің алқасы өткізілді, онда комитет пен аумақтық экология департаменттерінің 2024 жылғы 1 жартыжылдықтағы қызметінің қорытындылары талқыланды.

Алқа барысында келесі мәселелер қарастырылды:

-ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар көздерінде қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша. Бүгінгі таңда 91 компанияның 61-і жүйені орнатты;

-экологиялық проблемаларды кешенді шешу бойынша жол карталарын іске асыру (335 іс-шараның 204-і немесе 61% - ы іске асырылды);

-қоршаған ортаға эмиссияларды азайту бойынша. 2025 жылдан бастап кешенді экологиялық рұқсат шеңберінде Ең үздік қолжетімді технологияларды (ҮҚТ)енгізу бойынша жұмыс жүргізілетін болады;

-2027 жылға қарай шығарындыларды 230 мың тоннаға дейін төмендетуді көздейтін ТОП 50 ірі өнеркәсіптік компаниялар үшін эмиссияларды төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары;

-рұқсат етілмеген полигондарды жою бойынша жұмыс. Бүгінгі таңда 2326 полигон анықталды, оның 869 немесе 38% жойылды. Экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 2024 жылы жалпы сомасы 5,2 млн.теңгеге 93 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

-бақылау-инспекциялық қызмет шеңберінде 120 тексеру жүргізілді. 44,1 млрд. теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды, оның 13,8 млрд.теңге немесе 31% өндірілді.

Алқа қорытындысы бойынша экология департаменттеріне тапсырылды:

 -өңірлердегі экологиялық проблемаларды шешу бойынша жұмысты жандандыру;

-қоғамдық ұйымдармен және БАҚ-пен бірлескен жұмысты күшейту;

-пәрменді шаралар қабылдай отырып, халықтың шағымдарына жедел ден қою;

-мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу сапасын күшейту.

Тапсырмалардың сапалы және уақтылы орындалуы ерекше бақылауда.