
2019 жылғы 21 мамырда Экологиялық реттеу және бақылау комитеті ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Д. И. Иминовтың, комитеттің және аумақтық экология департаменттерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен селекторлық кеңес өткізді.
Күн тәртібінде екі сұрақ қойылды:
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін сапалы және уақытылы қарау;
- Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары мен тәртіп ережелерін сақтау.
Бірінші мәселе бойынша ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Д. И. Иминов баяндама жасады.
Дильмурат Ильшатұлы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заң нормаларын, сондай-ақ "жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын қарау сапасы"бағыты бойынша Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін түсіндірді.
Екінші мәселе бойынша Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкіл З. С. Жолдасов баяндама жасады.
Зулфухар Сансызбайұлы өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылы 21 мамырда мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының қатысуымен өткен кеңесте қойған 7 міндетті мүлтіксіз орындау қажеттігін атап өтті:
Сонымен қатар, ол экология департаменттері басшыларының жас, жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіру іс-шараларын жүргізуінің маңыздылығын атап өтті.
Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде З. С. Жолдасов мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық нормаларын түсіндірді: адам құқықтарын құрметтеу, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық сақтау, заңдылық қағидасын сақтау, әдептілік көрсету және мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру.
Кеңес қорытындысы бойынша аумақтық экология департаменттеріне хаттамалық тапсырма берілді:
Бірінші басшылардың назарын аударту және жеке жауапкершілік туралы ескерту.