Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен "ПКР Кен-дала" ЖШС ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен "ПКР Кен-дала" ЖШС ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Бұл құжат "СФЕРА" ақпараттық экологиялық жүйесін пилоттық сынаудың басталуын белгіледі. 

Меморандумның негізгі мақсаты-экологиялық нормалау, жобалау, реттеу және бақылау саласында цифрлық шешімдерді әзірлеу және енгізу.

Меморандумның негізгі аспектілеріне мыналар жатады:

- Экологиялық нормалау және жобалау процестерін автоматтандыру, сондай-ақ табиғатты қорғау құжаттамасын шығару үшін "СФЕРА" ақпараттық экологиялық жүйесін енгізу.

- Оның тиімділігін бағалау үшін таңдалған аймақтағы "СФЕРА" жүйесінің пилоттық сынағы.

- Нормалау, жобалау, бақылау және реттеуді қоса алғанда, экологиялық процестерді цифрландыру.

"СФЕРА" АЭС енгізу экологиялық процестерді мониторингілеу мен басқарудың тиімділігін арттырады, сондай-ақ мемлекеттік органның Экологиялық реттеу тетігін жетілдіреді.