Акция су айдындарының жағалау аумақтарын қоқыс пен ластанудан тазартуға бағытталған.
Көптеген адамдар табиғаттың тазалығы мен сұлулығын сақтауға үлес қосу үшін осы күні бізге қосылды. Бұл мемлекеттік органдардың, кәсіпорындардың қызметкерлері, еріктілер мен экоактивистер.
Республика бойынша акцияға барлығы 47 мыңнан астам адам қатысты! Жалпы 5 мың тоннадан астам қоқыс жиналды.
Бұл акция жағалауларды тазартуға көмектесіп қана қоймай, барлығына қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңыздылығын еске салды. Бірлескен күш-жігердің арқасында біз жағалауларымызды тазарттық және оларды болашақ ұрпақ үшін сақтаймыз.